Қ.
Ізекенұлы
Сенің
жырың жүректердің төрінде
Тірі
кезде ақындарды дәріптеу,
Керек
екен алыптарды алып деу.
Салиқалы
сыр шерткенмен сіздермен,
Қыздың
жолы болады ғой нәзіктеу.
Мынау
тірлік жатыр мұңмен астасып,
Жасың
кіші демей, жүр ек достасып.
Жан
жарасын жырларыммен тырнадым,
Күні
кеше Табылдымен қоштасып.
«Апам
үйі – Ақжайлау», - деп кезінде,
Әніңді
айтып жатушы едің төрімде.
«Қалың
Адай зарлайсың», - деп жыр жаздың,
Дәл
осыны сезгендей-ақ тіріңде.
Адай
және жоқтап жатыр Алашың,
Ойда
жоқта қиылғанда қанатың.
Нар
едің ғой жез бұйдасын сүйреткен,
Қай
төбеде төмпешік боп қаласың?
Өлеңіңді
жеделдеткен кім сенің.
Жауабы
жоқ, жолын оның білмедім?!
Арман
болып қалды-ау қалың халқыңа,
Гитарамен
ән сап тұрған күндерің.
Тау
баласын таудан төмен санадың,
Қолын
созып сен аспанға қарадың.
Сенің
жырың жүректердің төрінде,
Төмендемес,
иманды бол, қарағым.