Елге сәлем


Елге сәлем
Сөзі: М.Отаралиевтікі

Көп сәлем таныс жандарға,
Оларды көру жақсы-ақ шын.
Досым сен елге барғанда-ау,
Мен жайлы көп сыр ашпассың.
Өзегелер сенің еркіңде,
Кеудеңе талай жыр келсін.
Тек қана ақ шаш кемпірге-оу,
«Жалғызың аман жүр» - дерсің.
Сол болар демеу үмітке,
Басқа айтар ойлар жоқ, түге.
Сұраған мені жігітке-оу,
«Арақты қойып кетті» - де.
Ойлы көз бір қыз кезігіп,
Көзінде бір от ойнайды.
Арманын оның тез ұғып-оу,
Айтарсың жөндеп мен жайлы.
Махаббат деген мол ұшқын,
Оянар, мүмкін, өткен ой.
«Қызымен аппақ орыстың - оу
Дос болып апты» - деп те ғой.
Жүректің сыйын аз арнап,
Жанардан жасын төгеді ол.
Содан соң маған жазар хат-оу,
Көптен хат жазған жоқ еді ол.