Қыз махаббаты
Сөзі:
Ф.Оңғарсынова
Білмеймін,
Білмеймін,
жанарыңнан сыр ұқтым ба,
Әлде
сені сол сәтте ұмыттым ба.
Өзің
болдың әйтеуір бұл күнгі әнім,
Көтеріп
ап кетіп ең бұлқынбадым, 2
рет
Аймалауыңа,
аймалауыңа құнықтым ба?
Білмеймін,
Білмеймін,
құшағыңда дір еттім бе,
Алып
ұшып барады жүрек мүлде.
Ойлағым
да келмеді ештеңені,
Ерте
ме әлде білмедім кеште ме еді, 2
рет
Тек
ұққаным: жан бірге, тілек бірге
Сезімімнің,
Сезімімнің
қақпасын дара қақтың,
Шуағыңды
бойыма аралаттым.
Бақыт
болып мәңгіге келіп бірге,
Ағыл-тегіл
сезіммен еріттің де, 2
рет
Өзің
маған өзім боп бара жаттың.