Кешіккенің
қайткенің?
Сөзі
мен ані автордыкі
Жүрегіміз
– егіз десін дедің бе,
Тілегіміз
– теңіз десін дедің бе,
Көп
ішінен мені іздесін дедің бе,
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Қайырмасы:
Күтсе
күтсін, тұрса тұрсын дедің бе,
Жүрегінде
жыр сабылсын дедің бе,
Әлде
мықтап бір сағынсын дедің бе,
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Басқа
жанға тұрақтасын дедің бе,
Көңілімнен
жырақтасын дедің бе,
Жүрегімді
жылатпасын дедің бе,
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Кешіккенің
қайткенің?
Қайырмасы:
Мәртебемді
биіктетсін дедің бе,
Өзге
қызды сүйікті етсін дедің бе,
Өкініштен
күйіп кетсін дедің бе
(Кешіккенің
қайткенің?!) ³рет.