Кел,
Наурыз!
Сөзін
жазған: Несіпбек Айтов
Наурызым,
сары уызым,
Жүдеп
едім сен кетіп.
Қайта
келдің, байтақ елдің,
Қуанышын
селдетіп
Дәстүрімнің,
жақсы ырымның
Нышанысың
жол етер, 2 рет
Берекелі
көже толы
Қазаныңа
не жетер...
Құт
мерекем, күткен екем,
Сені
көптен шын аңсап.
Маздақтарым,
боздақтарым,
Бірге
оралды ұран сап.
Сөніп
барып, өліп-талып,
Жидым,
міне, есімді. 2 рет
Арғымағым,
марғұланым,
Қыл
бұраудан шешілді.
Еселенсін,
өсе берсін,
Туған
елдің мерейі.
Іркілмесін,
бүлкілдесін
Бұлбұлдардың
көмейі.
Мәңгі
жанған, таңды жарған,
Ғажап
оттар жасасын! 2 рет
Елім
деген, бөлінбеген,
Азаматтар
жасасын!