А.Өмірзақов
 
Табылға
 хат
Сезімім
 құламай  сенделіп,
Қиялым
 барады  жерге  еніп.
Қараңғы
 тып-тымық  бөлмеде,
Жарқырап
 шам  тұр  тербеліп.
...Біреу
 келсе  екен!
Табылды
 Досымов
Шақырғанда
 түсі  суық,  ұйқыдағы  басқа  ауыл,
Қарамайды-ау
 бір  жан  сірә,  жанардағы  жасқа - ауыр.
Мойыныңа
 Жалғыздықтың  киген  кезде  қамытын,
Бүкіл
 дүние – тасбауыр!
Ал,
 Сен  сол  сәт  күтесің-ақ  «біреу  келсе
 екен»  деп,
«Жалғыздықтың
 түрмесінде  қалай  мәңгі  өтем»  деп.
Дарақы
 әлем  сонда  сенің  өте  шығар  қасыңнан,
Күлкі
 деген көк  дөненмен  тепеңдеп.
Жалғыздықтан
 құтқармайды  хас  шешеннің  таңдайы,
Селт
 етпейді  Ол – Қайсарлықтың болсын 
мейлі  қандайы.
Қағып-қағып
 Жалғыздықтың  міз  бақпайтын  қақпасын,
Қайтар
 кейін  қуаныштың  тасқа  тиіп  маңдайы.
Жалғызсың
 ба?
Мақұрымсың
 көңіл  желі – шаттықтан.
Жалғызсың
 ба?
Баса
 беру  жөн  жүректі – аптыққан.
Бұл
 жалғанда  селт  етпейтін  суық  сөзге 
осынау,
Біздің
 ғана  жүрегіміз – Жалғыздыққа  жаттыққан!
Ақынбыз
 ғой  екеуміз  де – еңкеюді  ар  санар,
«Құрбым
– Қасірет,
Ал,
 Жалғыздық – Серігім!»  деп  жар  салар.
Илана
 бер,
Тәкаппар
 мен  Қайсарларды  қашанда
Даңқ
 пен  Ажал  Ақиқаттың  алаңында  қарсы 
алар!..