Қ.Ізекенұлы
Өжет
дарын
Ақын-сазгер
Табылды Досымовқа
Заманның
заһарынан тайсалмадың,
Ақиқат
алдаспаны жар салды әнің.
Күйдіріп
тиген жерін ойып түсер,
Атқылап
жанартауын қайсар жаның.
Ел
мынау – шыққан талай сайыпқыран,
Жер
анау – науқасынан айықпаған,
Көл
шайқап, таудың өзін қозғайтұғын,
Тыңдасам
әндеріңді байып қалам.
Берілмей
жүргенімен анық бағаң,
Әндерің
ел көгінде қалықтаған.
Бір
күнде он жеті рет қайталатып,
Тыңдаудан
Жұматайлар жалықпаған.
Бойыңда
барды кейін қайтарғансың,
Жорғадай
су төгілмес тайпалғансың.
Өреңнің
биіктігін өжеттікпен,
Жеріңде
жеткізіп-ақ айта алғансың.
Айтқаның
тарихпен расталды,
Дәме
ғып «тезекбастар» жүр асқарды.
Көргенде
аза бойың қаза болар,
«Шұлғаудан»
шыққан талай «шуаштарды».