Нұрлан
Қалқа
Қалғып
кетіп мәңгіге...
Өмірді
мынау, жаным-ау, мәңгілік деме,
Ұйықтап
кетсем бір күні оянбай қалам.
Табылды
Досым.
Ұйықтап
жатып, оянбадың, арысым,
Көз
алдыма тізбектелді бар ісің.
Жастай
кеткен жоқтап жатыр ақынын,
Алтай,
Арқа, Жетісу мен Батысым.
Ұйықтап
кетіп, оянбадың, бауырым,
«Өлді
деген» бір мен үшін жәй ұғым.
Әнің,
жырың, жарқын ісің – мәңгілік,
Еш
ұмытпас муза сүйер қауымың.
Бәрін
қиып, қалғып кеттің мәңгіге,
Өзің
жайлы бастап беріп әңгіме.
Гитара
үні жадымызда жаңғырып,
Айналады
Табыл атың ән-күйге.
Аласармас
өнердегі тұғырың,
Елің
үшін еңбегің бар, бар құның.
...Ғазиз
жаның шалқысыншы пейіште,
Жүректерге
көшін түзеп ғұмырың.