Табылдың
әні
Cөзі
мен әні автордыкі
Атыңды
сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау
деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті
мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
2 рет
Ұйықтап
кетсем бір күні оянбай қалам.
Оянбай
қалам, бұл шындық, ұрыспа қарғам,
Шөлмек-тірліктің
белгілі құлай сынары...
Гитарамды
алып елеусіз бұрышта қалған,
2 рет
Бауырыңа
басып егіліп, жылайсың әлі.
Жүректе
- ызғар, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай
ма жаным кеудеңді қайғы ауыртқасын.
Жүретін
кезім болды ма өмірде мынау,
2 рет
Шараптан
емес, шаттықтан айналып басым.
Басымнан
ұштың, бақытым, базарым едің,
Ақ
арман неге қол бұлғап шақырмайды
алдан.
Отырам
сосын тұнжырап, сазарып өңім,
2 рет
Оқтаулы
мылтық секілді атылмай қалған...
Атыңды
сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау
деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті
мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
2 рет
Ұйықтап
кетсем бір күні оянбай қалам.