Халқым үшін қан додаға кірмей

Халқым  үшін қан додаға кірмей, қалай жай табам?!

Желтоқсанда жанын жалау етіп, алаңға шыққан жастардың бірі, күні кеше ғана өмірден өткен Табылды Досымов екенін біреу білсе,біреу білебермейді.Бард - ақынның досы Бижан Қалмағанбетовтың айтуынша,бұл туралы
айналасындағыларға аян болғанымен,Аяштыңұлы көзі тірісінде кеуде соғып, еш жерде тіс жарған емес.
Ал, Табылды Досымовпен бірге оқыған, бір пәтерде тұрған группаласы, айнымас досы Арман Сқабылұлы өз естелігінде былай дейді:
- Желтоқсанның жиырмасы күніне «Жұлдыз» мейрамханасында  меніңүйленутойым өтетін болып,  шақыру билеті бір ай бұрын таратылып қойған еді. Қалыңдық қазақтың ұлттық киімін киеді деп  алдын ала шештік. Оны телеарнада  істейтін  бір танысымыз тауып береміндеп,17желтоқсанда соны алуға  келмеймізбе...
Алаң  толы- жастар. Қонаевтың орнынан  алынғанын,  оның орнына  Колбин дегеннің келгенін осы жерде  естідік.«Шеттен  келген шүрегейге» қарсылық шегіне  жетейін  деп қалыпты. Күні бойы жастармен тұрып, кешке үйге қайттық. Баяғы тойдың қамы. Ұлттық көйлекке жете алмадық. Телеорталықты әскер қоршап тұрды. Сол күні менімен  бірге  пәтерде  тұратынекікурстасым үйгеқайтпады. Екеудің бірі – Болатбек Қожан 18 - і күні таңға жуық әзер оралды.Үстіне киген ұзын пальтосы мұз болып қатып қалған, суықтан бет-аузы көгеріп кеткен.Сырт киімін тойға жиналғандар жабылып жүріп әзер шешіп алғаны есімде.Екіншісі – бард әншіміз ТабылдыДосымовтой өтетін күні әзер табылды.Қайда болғаны белгісіз. Оның да бет-аузы адам көргісіз. Күйеу жолдас осы екеудіңбірі болуы тиіс еді. Мына түрлерімен жұрт алдына шығуға өздері ыңғайсызданды.Табыл «күйеу жолдас» іздеп жатақханаға кетті»...
Не керек, осы тойдан кейін алаңда суретке түсіп қалған Табылды Досымовты кеңестік тоталитарлық жүйенің жендеттері жатақханаға іздеп келеді. Алайда бейбіт жолмен басталған істің насырға шабатынынан  сезіктенген студент  жан сауғалап, ауылына бет алады.  Біраз уақыт  ата- анасының жанында болып, бір жылдан  соң оқуын  қайта жалғастырыпты. Қарапайымдылығынан танбайтын  қыр  баласы бұл үзілісті кезінде «1986-87 жылдары әкем зейнетке  шығатын боп, тиісті орындар  жаңа үй салып  берген. Сол үйдің қора- қопсысын жөндейін әрі  көшірісейін деп, бір жыл оқуымды тастап,  ауылға барғанмын» деп жылы жауып қоя салған еді.
«...1986 жылғы Желтоқсан  ызғары шаттанып қуанса да, қайғырып, мұңайса да жүрегінде із қалатын әсершіл, сезімтал  ақын  жігіттің сай-сүйегін  мұздатып,  жан дүниесін сыздатып өтті. Ойы онға бөлініп, санасы санға  сөгіліп,миы мұңға желініп, жарық нұры қайғыға көміліп,  көзінен қанды жасы төгіліп отырып «Мен-қазақпын!» деп сол қанқасап бұлғақта күйзелген қазақ жастарын жұбатқан Жұбан- ақынды  жалынды әнімен  қайталай  білді. Қайталаған жоқ, оны Досымовша жаңғыртты,  өксік  толы өзегін  жарып  шыққан  шиыршық атқан  шымыр әуенге  құндақтады,  сосын өжеттене  отырып мұңдас  серігіндей  болған  гитарасына қол созды:
Мен –Қазақпын,
Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен!
Мен-Қазақпын,
                        Ғажапты да, азапты да  көп көрген...     
 Мен-қазақпын, 
Жүрегімде шырылдаған  шындықты
Жасқамаңдар  шоқпармен!..     
            Сөйтіп, бұған  дейінгі  он  бір  айында  жарастықты  жастық  сезімге құрылған  он  бес  әні  дүниеге  келген  1986 жыл  өзінің  ызғарлы  он  екінші  айында   Табыл  творчествосын күрт  бұрып,  басқа  арнаға  салды.
            Желтоқсандағы  қантөгістен  соң  Табыл  нағыз  ұлтжандылық сипаттағы,  қазақы- патриоттық  сарындағы,  елінің  мұңын  шертетін,  жерінің  жоғын  жоқтайтын, халқының жырын жырлайтын  терең  түйсікті,  биік  ойлы  шығармаларын  дүниеге әкелді.  Ұрпақтар  сабақтастығын  арқау еткен «Бір әулет  диалогы», «Биіктік» әндерінің  сазы  салмақты, сөзі- қорғасын. «Қазақ  едім дегенше...» атты ащы  мысқылы  мен  астарлы ирониясы  астасып  жатқан  намыс  оятып, жігер жанитын әнін талайымызбілетін шығармыз. О         Отаршыл  Ресей  империясының өзен жағалаған  өкілі, балықшы  майұрт  көпес  Гурий  Назаровтың  түп-тұқиянын термелеп-тергейтін ( Атырау соның  атымен  «Гурьев»  атанып келді  ғой! –Ә.М.) «Гурий  Назаров  ақсақалдың рухына  ашық  хат»  әнін Табыл сиясы кеппестен Алматының «Тамашасында» орындап, тыңдармандарының  құлақтарын  қандырып,сілтідей  тұндырды. Алғаш  рет  бұл «оғаш қылықты»өлеңінің мәтіні халықаралық «Азия»газетіндежарияланды» деп  жазады  Қазақстан  Журналистер    одағының  мүшесі  Әбу Мұрат Базарханұлы. 
Бұл деректердің барлығы белгілі   суретші   Ерсайын  Жапақ  айтқандай, «Алаштың  ұлы, Аяштың ұлы» тау  тұлғалы Табылды  Досымовтың  желтоқсан   оқиғасына  қатысушылардың  бірі екендігінің бұлтартпас дәлелі  болса  керек.         


                                                           Байдәулетова Қ.