Жыл мен жыр


Р.Қосбармақ
Жыл мен жыр
Адайдың асау ұлы артық туған,
Табылды өрен едің өнер қуған.
Ақын ең арындаған асау кердей,
Терең еді өлеңдерің ойға тұнған.
Шоқтығың биік еді өзгелерден,
Жалықтың-ау шамасы «езбелерден,
Өмірден түңілдің бе қиянатшыл,
Мұңыңды шағып кеттің өлеңменен.
Әніңді Ақ Жайығың айтып жатыр,
Жырыңды жерлестерің жырлап жатыр.
Халқымның бір жұлдызы сөнді ерте деп,
Қаройдың кең даласы тулап жатыр.
Жыл толып Табылдыны еске алған,
Жерлестерім басымды ием саған.
Бір ұлыңды тапсырдым қастарыңа,
Махамбет, Мұрат ақын-кие бабам.
Жәннатта орның болсын, Табылды ұлым,
Қайтеміз, қысқа болды мына ғұмыр.
Талайлар сен туралы сан толғанар,
Өнермен сен қалдырдың «биік тұғыр».